Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 10-саб., 115-б.—117-б., 4-абз.
  • Шабыттанып сөйлеу

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шабыттанып сөйлеу
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ұқсас мәлімет
  • Шабытпен тәлім беріңіз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • Баяндамаңда тыңдаушыларың үшін пайдалы мәлімет болсын
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Шабытпен сөйлеу
    Оқу мен тәлім беру қабілетін шыңдайық
  • Еркін сөйлеу
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 10-саб., 115-б.—117-б., 4-абз.

10-САБАҚ

Шабыттанып сөйлеу

Не істеуің керек?

Қызу сөйлеу арқылы айтып тұрған мәліметіңнің маңыздылығын ұғып, оны терең сезініп тұрғаныңды көрсетуің керек.

Бұл неге маңызды?

Адам шабыттанып сөйлесе, тыңдаушылар да қызығып тыңдайды, әрі оларда іс-әрекет жасауға деген ықылас пайда болады. Егер айтып жатқандарың өзіңді жігерлендірсе, онда бұл тыңдаушыларыңа да әсер етпей қоймайды.

ШАБЫТТАНЫП тұрғаның қызықтырып сөйлеуге көмектеседі. Әрине, мәліметтің мәнді-мағыналы болғаны маңызды, бірақ шабытпен әрі қызу сөйлегенің тыңдаушылардың көңілін жаулап алуға көмектеседі. Әрбір адам мінезі мен тәрбиесіне қарамастан, шабыттанып сөйлеуді үйрене алады.

Сезіммен сөйлеу. Иса самариялық әйелмен сөйлескенде, Ехобаға “рухында және шындықпен” ғибадат ету керектігін айтқан (Жох. 4:24, сілтемені қара). Осылай ғибадат етуге бізді ризашылыққа толы жүрегіміз талпындыру керек, әрі ол Құдай Сөзіндегі шындыққа сай болу керек. Адамның Құдайға деген терең ризашылығы қалай сөйлегенінен көрініп тұрады. Ол Ехобаның сүйіспеншілікпен көрсетіп жатқан қамқорлығын өзгелерге бар ынта-ықыласымен айтатын болады, сондай-ақ оның не сезініп тұрғаны бет-әлпетінен, жасаған ишараттары мен даусынан байқалып тұрады.

Алайда Ехобаны сүйетін және айтып жатқандары шындық екеніне кәміл сенетін адамдар неліктен құлықсыз сөйлейтін кездер болады? Шабыттанып сөйлеу үшін не айтатыныңды жақсылап ойластырып алу жеткіліксіз. Тақырыпқа қатты қызығып, ондағы ойларды ұғып, терең сезініп тұру керек. Мысалы, бір бауырласқа Иса Мәсіхтің төлем құрбандығы жөнінде айту тапсырылды делік. Мұны айту барысында ол тек келтіретін айғақтарды ғана емес, Мәсіхтің құрбандығы жеке өзі үшін және тыңдаушылары үшін нені білдіретіні жайлы да ойлануы қажет. Ол Ехоба мен Иса Мәсіхтің көрсеткен қамқорлығына деген ризашылыққа қайтадан кенеліп тұруы керек. Сондай-ақ осы қамқорлықтың арқасында ие болып отырған адамзаттың үміті туралы — жер бетіндегі жұмақта мәңгі өмір сүру мен шексіз бақытқа бөлену және кемелді денсаулыққа ие болу жайлы — ойлануы қажет. Олай болса, айтушының жүрегі үлкен рөл атқаратынын көреміз.

Исраилдің тәлім берушісі, дін мұғалімі Езра туралы Киелі кітапта былай делінген: “Ехобаның заңын оқып біліп, оны орындауға және де Исраилде заң мен шындыққа үйретуге жүрегін дайындады” (Езра 7:10, ЖД). Егер біз де осылай етер болсақ, яғни мәліметті ғана емес, жүрегімізді де дайындар болсақ, сөздеріміз де жан дүниемізден шығады. Ал осындай шынайы, терең сезіммен айтылған сөздер тыңдаушылардың шындыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыруға көмектеседі.

Тыңдаушыларыңды ойла. Шабыттанып сөйлеу үшін қажет тағы бір маңызды фактор — айтуың керек нәрселердің тыңдаушыларың үшін өте маңызды екеніне нық сенімді болу. Сондықтан тапсырмаңды дайындағанда, құнды материалдарды жинаудан басқа, оларды тыңдаушыларың пайдасын көретіндей етіп жеткізу үшін Ехобадан басшылық сұрап дұға етуің керек (Заб. 31:8; Мат. 7:7, 8). Тыңдаушыларға бұл мәліметтің не үшін керек екенін, қандай пайда әкелетінін және олар оны толық бағалай алулары үшін қалай жеткізу керектігі жөнінде жақсылап ойлан.

Өзіңді қатты таңғалдыратын нәрсе тапқанша, материалмен жұмыс істей бер. Бұл міндетті түрде жаңа бір ой болмауы мүмкін, бірақ өзіңе таныс нәрсені жаңа бір қырынан көруің мүмкін. Егер баяндамаңда тыңдаушылардың Ехобамен қарым-қатынастарын нығайтатын, оның қамқорлығына ризашылықтарын арттыратын, осы дүниедегі өмірдің қиыншылықтарымен күресуге, яки қызметте тиімді болуға көмектесетін ойлар болса, онда шабыттануға сенде толық негіз бар.

Ал егер көпшіліктің алдында дауыстап оқу тапсырылса ше? Әрине, мәтіндегі сөйлемдердің мағыналық байланысын түсініп, барлық сөздерді сауатты оқи білгеніңнің құр өзі сені шабыттандыра қоймас. Сондықтан оқитын материалыңды зерттеп шық. Егер Киелі кітаптан үзінді оқитын болсаң, онда біраз ізден. Мәтіннің негізгі мағынасын түсінгеніңе көз жеткізіп ал. Оның өзіңе де, тыңдаушыларыңа да қандай пайдасы бар екенін ойланып, мұны олар да көре алатындай етіп оқуға тырыс.

Ал егер уағыздау қызметіне дайындалып жатсаң ше? Онда талқылағың келген тақырып пен қолданғың келген Жазба орындарын қайталап шық. Адамдарды не қызықтырып, не мазалайтыны жайлы да ойлан. Жаңалықтарда не айтылуда? Адамдар қандай қиыншылықтарға кезігуде? Бұл қиыншылықтарды Құдай Сөзінің көмегімен қалай шешуге болатынын көрсетіп бере алатыныңды сезгенде, оны басқалармен бөлісуге деген зор ықылас пайда болады, ал осы ықыластың өзінен-ақ адам шабыттанады.

Шабыттанып тұрғаның қызу сөйлегеніңнен көрінеді. Шабыттанып тұрғаның қызықтырып әрі жігерлендіріп сөйлегеніңнен де, бет-әлпет өзгерісінен де көрінеді. Сенімді сөйлеуің керек, бірақ менікі ғана тура дегендей болып қалма.

Бұл жерде шектен шығып кетпеген дұрыс. Кей адамдар бәріне қайран қалып, толғанып-тебірене беруге бейім. Мұндай адамдарға егер баяндамашы маңғаздана не сезімге қатты беріліп сөйлейтін болса, тыңдаушылары көбінесе оның сөзіне емес, өзіне көңіл аударатынын түсінуге көмектесу керек. Ал егер адам, керісінше, ұялшақ болса, оны өзін еркін сезінуге шақыру керек.

Шабыт — өте әсер еткіш көңіл-күй. Егер тыңдаушыларыңмен жақсы байланыс орнатып, ынты-шынтыңмен айтып тұрған болсаң, шабыттанғаның өзгені де шабыттандырады. Аполлос ынты-шынтысымен сөйлеп, сөзге ұста атанған. Егер Құдайдың рухымен жалындап тұрсаң, қызу сөйлегенің өзгелерді іс-әрекетке талпындырады (Ел. іс. 18:24, 25; Рим. 12:11).

Шабыт материалдың мазмұнына сай болу керек. Баяндамаңды бастан-аяқ тым көтеріңкі көңілмен айтудан сақ бол, әйтпесе тыңдаушыларың шаршап, іс-әрекетке талпындырған сөздеріңнің бәрі далаға кетеді. Олай болмау үшін не істеуге болады? Материалды баяндаманың әр бөлігін түрліше жеткізетіндей етіп іріктеп алу қажет. Селқос айтып кетпеуге тырыс. Егер материалың жақсы таңдалып жинақталған болса, оны беріліп айтатын боласың. Бірақ кейбір ойларды өзгелерінен күштірек шабытпен айту керек болады. Сондықтан әр түрлі шабытпен айтылатын ойларды бір-бірімен қиыстыра жеткізе білуің керек.

Ерекше шабытпен негізгі ойларды айту керек. Баяндамада ой түзе келіп, тоқетері айтылатын тұстар болуға тиіс. Бұл — ең маңызды ойлар, сондықтан тыңдаушыларыңда белгілі бір әрекет жасауға деген ықылас оятуы керек. Тыңдаушыларыңның көзін жеткізіп алып, оларды іс-әрекетке талпындыруың қажет, сондай-ақ беріліп жатқан кеңестерді ұстанудың олар үшін неге пайдалы болатынын көрсетуің керек. Адамның шабыттанғаны тыңдаушылардың жүрегіне әсер ететіндей етіп сөйлеуге көмектеседі. Бірақ қызу сөйлеу жасанды болмау керек. Оған қандай да бір негіз болу керек, ал ондай негіз баяндамаңның мазмұны болып табылады.

ШАБЫТТАНЫП СӨЙЛЕУ ҮШІН

  • Мәліметіңді ғана ойлап қоймай, жүрегіңді де дайында, сонда сөздеріңді терең сезіммен айтатын боласың.

  • Талқылағалы отырған ойларыңның тыңдаушыларыңа қандай пайдасы бар екенін ойлан.

  • Ерекше шабытпен айтуың керек ойларды анықтап ал.

  • Қызу да беріле сөйле. Не сезініп тұрғаның жүзіңнен көрініп тұрсын.

ЖАТТЫҒУ: Лұқа 2:1—3:22-ге дейінгі тармақтарды зерттеп шық. Қай жерде және қандай шабытпен айту керектігін анықта. Сонан соң тарауларды мәтінге лайық келетіндей шабытпен дауыстап оқып жаттық.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу