Шешендік және тәлім беру қабілетін дамыту бағдарламасы
БҰЛ бағдарлама жастар мен кәрілерге, ерлер мен әйелдерге өз ойларын жақсырақ жеткізуге және Құдай Сөзінен жақсырақ тәлім беруді үйренуге көмектеседі.
Теократиялық қызмет мектебіне жазылғандар тапсырмаларын Мектеп бақылаушысынан алады. Келесі үш бетте сенің жеке кеңес бланкің көрсетілген. Ондағы сандар — осы кітаптағы сабақтардың нөмірі. Көрсетілген сабақтарда шешендік және тәлім беру шеберлігінің қарастырылған қырлары неліктен көңіл қоюға тұрарлық екені және оның әрбірін қалай меңгеруге болатыны түсіндіріледі. Сонымен қатар ол жерден берілген кеңестерді қалай қолдануға болатынын оқи аласың.
Бланкідегі түсті бояулармен сабақтардың қайсысы 1) тыңдаушылардың алдында оқуға, 2) екі немесе одан да көп адам қатыса алатын көрсету дайындауға немесе 3) қауымға арналған баяндамаға қатысты екені көрсетілген. Жұмыс істейтін сабақты Мектеп бақылаушысы айтады. Әрбір сабақпен өз алдына жұмыс істеген жөн. Берілген сабақ соңындағы жаттығуларды орындағаның көп көмегін тигізеді. Егер берілген сабақтағы кеңестерді жақсы орындап шыққаның көрініп тұрса, кеңес беруші бауырлас басқа сабақты тағайындайды.
Егер көрсету дайындау керек болса, саған шартты жағдай қажет болады. Шартты жағдайлар тізімі 82-бетте көрсетілген, бірақ бұл тізіммен ғана шектелме. Кеңес беруші бауырлас тәжірибе жинақтауың үшін, белгілі бір шартты жағдайды өзі ұсынуы мүмкін не өзіңнің таңдауыңа мүмкіндік береді.
Осы кітапты тек тапсырма алғанда ғана емес, басқа кезде де өз бетіңше оқып, ондағы жаттығуларды орындайтын болсаң, жетістіктерге тезірек қол жеткізесің. Мысалы, бір аптада бір сабақпен жұмыс істеуіңе болады.
Мектепке жазылғаныңа немесе қызметке шығып жүргеніңе қанша уақыт болса да, жақсаратын тұстар үнемі болады. Теократиялық қызмет мектебінің мүмкіндігінше толық пайдасын көруге тырыс.