Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • my 35-оқиға
  • Ехобаның заң беруі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаның заң беруі
  • Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ұқсас мәлімет
  • Исраилдіктер Ехобаға уәде берді
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ехобаның жолдарын біл
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жанып тұрған бұта
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Жанса да, өртенбейтін бұта
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
Көбірек мәлімет
Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
my 35-оқиға
35-оқиғадағы сурет

35-ОҚИҒА

Ехобаның заң беруі

МЫСЫРДАН шыққан соң екі айдан кейін исраилдіктер Синай тауына келді. Бұл тау Хориб деп те аталады. Дәл осы жерде, жанып тұрған тікенді бұтаның жанында Мұса Ехобамен сөйлескен болатын. Халық шатыр тігіп, осы жерде біраз уақыт қоныстанып қалды.

Халық төменде қалған уақытта, Мұса тауға шықты. Тауда Ехоба Мұсаға исраилдіктердің Оған мойынсұнып әрі Өзінің ерекше халқы ретінде Оның еркін орындап жүрулерін қалайтынын айтты. Мұса таудан түсіп, Ехобаның не дегенін исраилдіктерге айтып берді. Ал Исраил халқы болса Ехобаның халқы болғысы келетіндіктен, Оған мойынсұнатындықтарын жариялады.

Ехоба сол кезде бір ғаламат нәрсе жасады. Таудан түтін шығарып, айналаны алай-түлей етіп гүрілдетіп жіберді. Сосын, Ол исраилдіктерге тіл қатып:

 — Мен сендерді Мысырдан алып шыққан Құдайларың Ехобамын,— деді. Сосын:

 — Сендер менен басқа құдайларға ғибадат етпеулерің керек,— деп бұйырды.

Жаратқан Ие исраилдіктерге бұдан басқа тағы тоғыз парыз немесе заң берді. Бүкіл халықты үрей биледі. Олар Мұсаға:

 — Бізбен сен сөйлес, өйткені бізбен Жаратқан Ие сөйлессе, шейіт болып кетеміз бе деп қорқамыз,— деді.

Кейінірек Ехоба Мұсаға:

 — Тауға көтеріліп, Маған кел. Мен саған сол жерде Исраил халқы орындауға тиіс заңдарды екі жалпақ тас тақтаға жазып беремін,— деді. Сондықтан Мұса қайтадан тауға көтеріліп, қырық күн, қырық түн сол жерде болды.

Құдай халқына көптеген заңдар берді. Ал Мұса оларды жазды. Сосын, Жаратқан Ие Мұсаға екі жалпақ тас тақта берді. Бұл тақталарға Құдай бұдан алдын халқына жария еткен он заңын өзі жазып берді. Бұл заңдар Он өсиет деп аталады.

Он өсиет ең маңызды заң болып табылады. Бірақ Жаратқан Ие исраилдіктерге бұдан басқа да көптеген заңдар берді. Олардың бірі мынандай: “Сен Ехобаны — өзіңнің Құдайыңды барлық көңіліңмен, барлық жаныңмен, барлық ойыңмен жақсы көр”. Ал келесісі мынандай: “Сен өзіңді қалай жақсы көрсең, жақыныңды да солай жақсы көр”. Құдайдың Ұлы Иса Мәсіх бұл екі парыздың Ехобаның исраилдіктерге берген заңдарының ең ұлысы екенін айтқан. Кейінірек біз Құдайдың Ұлы мен оның тәлімдері жөнінде көп нәрсе білеміз.

Мысырдан шығу 19:1—25; 20:1—21; 24:12—18; 31:18; Заңды қайталау 6:4—6; Леуіліктер 19:18; Матай 22:36—40.

Зерттеуге арналған сұрақтар

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу