Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • my 16-оқиға
  • Ысқақтың жақсы әйелге үйленуі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ысқақтың жақсы әйелге үйленуі
  • Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ұқсас мәлімет
  • “Иә, барамын”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Рабиға Ехобаға ұнамды болуды қалаған
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Рабиға Ехобаға ұнамды болғысы келді
    Кел, балақай, оқиық!
  • Құдайдың Ыбырайымның сенімін сынауы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
my 16-оқиға
16-оқиғадағы сурет

16-ОҚИҒА

Ысқақтың жақсы әйелге үйленуі

МЫНА суреттегі әйелдің кім екенін білесің бе? Оның есімі Рабиға. Ол танысқалы келе жатқан адам — Ысқақ. Рабиға Ысқаққа тұрмысқа шығуы керек. Бұл оқиға қалай басталды?

Міне былай: Ысқақтың әкесі Ыбырайым ұлына жақсы әйел алып бергісі келді. Ол Ысқақтың қанахандықтардың қыздарына үйленгенін қаламады, өйткені қанахандықтар жалған тәңірлерге табынатын. Сондықтан Ыбырайым өзінің қызметшісін шақырып алып, былай деді: “Сенің менің туыстарым тұратын отаныма, Харан жеріне барып, сол жерден ұлым Ысқаққа әйел алып келгеніңді қалаймын”.

Ыбырайымның қызметшісі сол замат он түйе алды да, ұзақ сапарға шықты. Ыбырайымның туыстары өмір сүрген қалаға жақындағанда, құдықтың басына тоқтады. Осы қаланың әйелдерінің су алуға келетін уақыты — кешкі мезгіл — таяп қалған болатын. Сондықтан Ыбырайымның қызметшісі сол жерде Ехобаға дұға етіп: “Маған да, түйелеріме де су берген қыз Ысқаққа Сен таңдаған қалыңдық болсын”,— деді.

Көп кешікпей су алуға Рабиға келді. Ыбырайымның қызметшісі одан кішкене су сұрағанда, Рабиға оған су берді. Сосын, оның түйелерінің барлығының шөлдері қанғанша суарып берді. Оған біраз еңбектенуге тура келді, өйткені түйелер өте көп су ішеді.

Рабиға түйелерді суарып болған соң, Ыбырайымның қызметшісі оның әкесінің атын сұрады. Сондай-ақ үйлерінде түнеп шығуға рұхсат сұрады. Рабиға оған: “Мен Бетуелдің қызымын. Бізде түнейтін орын да бар”,— деді. Ыбырайымның қызметшісі Бетуелдің Ыбырайымның Нахор деген інісінің ұлы екендігін білетін-ді. Ыбырайымның туысқандарының үйіне алып келгені үшін ол басын иіп, Ехобаны мадақтады.

Ыбырайымның қызметшісі Бетуел мен Рабиғаның ағасы Лабанға не үшін келгенін сол күні кешке айтып берді. Әкесі де, ағасы да Рабиғаның қызметшімен бірге кетуіне және Ысқаққа тұрмысқа шығуына қарсы болмады. Рабиғаның келісімін сұрағанда, ол не деп жауап берді?

— Иә, мен қарсы емеспін,— деді. Келесі күні олар түйелерге отырып, шалғайдағы Қанахан жеріне аттанды.

Олар кеш батарда келіп жетті. Рабиға шабындықпен келе жатқан бір ер кісіні көрді. Бұл Ысқақ болатын. Ол Рабиғаны көргенде, қуанып кетті. Оның анасы Сараның дүниеден өткеніне үш жыл болса да, Ысқақтың қайғысы әлі күнге дейін сейілмеген еді. Бірақ Рабиға оған қатты ұнап, қайғысы сейіліп, енді оның көңілі қайта қуанышқа бөленді.

Жаратылыс 24:1—67.

Зерттеуге арналған сұрақтар

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу