Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • my 12-оқиға
  • Адамдардың зәулім мұнара соғуы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адамдардың зәулім мұнара соғуы
  • Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ұқсас мәлімет
  • Бабыл мұнарасы
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Біздің күндеріміздегі тілдер Бабыл мұнарасынан бастау алған ба?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
my 12-оқиға
12-оқиғадағы сурет

12-ОҚИҒА

Адамдардың зәулім мұнара соғуы

КӨП жылдар өтті. Нұхтың ұлдарынан көп балалар туылды. Ол балалар ер жетіп, олар да көп балалы болды. Көп ұзамай жер бетінде адамдардың саны көбейіп кетті.

Бұл адамдардың арасында Нұхтың шөбересі Нымрод та бар болатын. Ол жануарларды да, адамдарды да өлтіретін мейірімсіз адам еді. Оның үстіне, Нымрод өзін патша етіп тағайындап, басқа адамдардың үстінен билік етті. Құдай Нымродты жақсы көрмейтін.

12-оқиғадағы сурет

Ол уақытта адамдардың барлығы бір тілде сөйлеген. Нымрод адамдардың үстінен билік ету үшін, олардың барлығын бір жерде ұстағысы келді. Осы ойын іске асыру үшін, ол не істегенін білесің бе? Ол бір қала соғып, бұл қаланың ішінде зәулім мұнара тұрғызуды бұйырды. Қарашы, мынау суретте олар қыш құйып жатыр.

Бұл мұнараның құрылысы Ехоба Құдайға ұнамады. Құдай барлық адамның бүкіл жер бетіне тарап, өсіп-өнгенін қалаған болатын. Бірақ адамдар: “Келіңдер! Біз өзімізге қала және төбесі көкке жететін мұнара тұрғызайық. Осылайша өз атымызды шығарайық!”— деді. Олар Құдайдың емес, өздерінің даңқын шығарғысы келді.

Сондықтан Құдай мұнараның құрылысын тоқтатып қойды. Құдайдың құрылысты қалай тоқтатқанын білесің бе? Ол кенеттен адамдар әр түрлі тілдерде сөйлейтіндей етіп тілдерін шатастырып жіберді. Енді құрылысшылар бірінің айтқанын екіншісі түсінбеді. Міне, сондықтан бұл қала “шатастыру” деген мағынаны білдіретін Бабыл деген атқа ие болды.

Абыржыған адамдар Бабылды тастап, тарай бастады. Бірін-бірі түсінетін адамдар топ-топ болып, бірігіп өмір сүре бастады. Осылайша адамдар дүниенің түкпір-түкпіріне бытырап кетті.

Жаратылыс 10:1, 8—10; 11:1—9.

Зерттеуге арналған сұрақтар

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу