Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g21 № 3 3-б.
  • Қайсысына сенеміз?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қайсысына сенеміз?
  • Ояныңдар! 2021
  • Ұқсас мәлімет
  • Жаратушы сіздің өміріңізді мағыналы ете алады
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жаратушыға деген сеніміңізді нығайтыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
  • Тіршілік қалай пайда болды?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Жаратушымыздың қандай екенін біліңдер
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2021
g21 № 3 3-б.
Бір әйел Киелі кітапты ұстаған діни қызметкерге және ДНҚ-ның үлгісін ұстап тұрған ғалымға қарап тұр.

Қайсысына сенеміз?

“Бүкіл ғалам жоқтан пайда болған, пайда бола алады да” (Стивен Хокинг және Леонард Млодинов, физиктер, 2010 жыл).

“Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты” (Киелі кітап, Мұсаның 1-жазбасы 1:1).

Күллі ғалам мен тіршілікті Құдай жаратты ма, әлде олар жоқтан пайда болды ма? Байқағанымыздай, басында айтылған екі физик пен Киелі кітаптың алғашқы сөздері бұл сұраққа мүлдем екі түрлі жауап береді. Екі пікірдің де қос қолдап қоштайтын жақтаушылары бар. Бірақ қайсысына сенерін білмей дал болып жүргендер де қаншама. Бұл тақырып қызу талқыға түсіп жүр. Бұл жайында талай кітаптар жазылып, талай пікірсайыстар өткізіледі.

Мектептегі ұстаздар да “бүкіл ғалам мен тіршілік кездейсоқ пайда болды, Құдайдың бұған еш қатысы жоқ” деп сенімді үнмен талай айтқан шығар. Бірақ сол ұстаздар Жаратушының жоқтығына айғақтар келтірді ме? Діни қызметкерлердің уағызынан Жаратушы бар дегенді де талай естіген шығарсыз. Бірақ олар соны айғақтайтын дәлелдер айтты ма? Әлде олар бұған шек келтіруге болмайды, жай ғана сену керек деді ме?

Бұл жайында сіз де толғанған шығарсыз. Жаратушының бар-жоғын ешкім айта алмайды деген ой келген болар. Жауабын іздеп, қазбалап жатудың қажеті бар ма дейтін де шығарсыз.

Бұл “Ояныңдар!” журналында Жаратушының барына көпті иландырған кейбір айғақтар келтіріледі. Сосын “Тіршілік қалай пайда болды?” деген сұрақтың жауабын табу неліктен маңызды екені талқыланады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу