Кіріспе
Әрбіріміз қандай да бір шамада өмірімізде қайғы-қасірет көрдік. Аурудың, оқыс жағдайдың, табиғи апат пен қатыгездіктің құрбаны болғандарымыз қаншама.
Адамдар не үшін қиналатындарының себебін білгісі келеді.
Кейбіреулер маңдайымызға жазылғандықтан қасірет шегеміз дейді немесе бақытсыздықтардан айналып өте алмаймыз деп амалсыздан көнеді.
Басқалардың айтуынша, біз осы өмірде не өткен өмірде жасаған жаман істеріміз үшін қасірет шегеміз.
Не керек, қайғы-қасіреттен туатын сауалдар көп болмаса, аз емес.