Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g20 № 1 14—15 бет.
  • Стрессіз күндер келеді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Стрессіз күндер келеді
  • Ояныңдар! 2020
  • Ұқсас мәлімет
  • Мазмұны
    Ояныңдар! 2020
  • Құдай Патшалығы тұсында “шартарапта тыныштық болады”
    Ояныңдар! 2019
  • Стреспен күрес
    Ояныңдар! 2020
  • Құдай Патшалығы Иса үшін маңызды болған
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2020
g20 № 1 14—15 бет.
Әкесі мен ұлы мұхит толқындарында ойнап жүр, әйелі қыздарымен бірге жағадан қарап тұр.

СТРЕСТІ ЖЕҢЕ БІЛІҢІЗ

Стрессіз күндер келеді

Киелі кітап даналығымен өмір сүрсек, біз артық стрестен аулақ жүреміз. Пенде болғандықтан, стресс туғызатын жағдайлардың бәрін жоқ қыла алмаймыз. Ал Жаратушымыз оны істей алады. Ол бізді қиындықтан құтқаратын біреуді тағайындап та қойды. Ол — Иса пайғамбар. Жер бетінде болғанда ол біраз кереметтер жасады. Ал жақында ол бүкіл ғалам бойынша таңғажайып керемет істер жасайтын болады. Ол қандай істер?

КЕЗІНДЕ АУРУЛАРДЫ САУЫҚТЫРҒАН ИСА БОЛАШАҚТА ДА САУЫҚТЫРАДЫ

“Жұрт оған әртүрлі дерттен қатты қиналғандардың бәрін... әкеліп жатты, ал Иса оларды айықтырды” (МАТАЙ 4:24).

ИСА БАРЛЫҚ АДАМДЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

“Жұрт үйлер салып, соларға қоныстанады, Жүзімдіктер отырғызып, жемісін жейтін болады. Олар үйді өзге біреу тұрсын деп салмайды, Жүзімдікті де жемісін өзгелер жесін деп отырғызбайды” (Ишая 65:21, 22).

ИСА БИЛІК ЕТКЕНДЕ БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ҚАУІПСІЗДІК ОРНАЙДЫ

“Оның заманында әділ жан өркендейді, Аспанда ай тұрған кездің бәрінде шартарапта тыныштық болады. Ол теңізден теңізге дейін, Евфраттан жердің шетіне дейін билік құрады... Жаулары топырақ жалайтын болады” (ЗӘБҮР 72:7—9).

ИСА ӘДІЛЕТСІЗДІКТІҢ ТАМЫРЫНА БАЛТА ШАБАДЫ

“Бейшара мен кедейге жаны ашиды, Жарлылардың өмірін аман сақтайды. Қанаушы мен зұлым билеушіден құндарын өтеп алады” (ЗӘБҮР 72:13, 14).

ИСА ТІПТІ ҚАЙҒЫ-ҚАСІРЕТ ПЕН ӨЛІМДІ ЖОҚ ҚЫЛАДЫ

“Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (АЯН 21:4).

“ЕРЕКШЕ ҚИЫН УАҚЫТ”

“Дүние ешқашан мұншалықты күйзеліс пен беймаза күйге түсіп, қайғырып, азап шеккен емес” (Мухамед Юнис, “Гэллап” зерттеу орталығының редакторы).

Стрестің көбеюіне не себеп болып отыр? Бұл сұраққа Киелі кітапта қисынға келетін жауап бар. Тімөтеге 2-хат 3:1-де: “Соңғы күндері ерекше қиын уақыт болады”,— делінген. Киелі кітап стрестің көбеюіне адамдардың бойындағы теріс мінез-құлық себеп екенін түсіндіреді. Мысалы, мұндай мінез-құлыққа ашкөздік, тәкаппарлық, жалған құдайшылдық, қатыгездікке бейімділік, туғандарына безбүйректік, ұстамсыздық жатады (Тімөтеге 2-хат 3:2—5). Құдай Патшалығы деп аталатын көктегі үкіметтің Патшасы Иса Мәсіх билік тізгінін толықтай қолға алғанда, соңғы күндердің ақыры келеді (Даниял 2:44).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу