Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g17 № 6 3-б.
  • Мына заман қайда барады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мына заман қайда барады?
  • Ояныңдар! 2017
  • Ұқсас мәлімет
  • “Ақырзаман сағаты” тағы алға жылжыды
    Сан түрлі тақырыптар
  • Ғалымдар “Ақырзаман сағатының” тілін тағы да ілгері жылжытты. Киелі кітапта не делінген?
    Сан түрлі тақырыптар
  • Ақырзаман жақын ба?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Ұсыныс үлгісі
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2017
g17 № 6 3-б.
Ақырзаман сағаты

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | МЫНА ЗАМАН ҚАЙДА БАРАДЫ?

Мына заман қайда барады?

БИЫЛҒЫ 2017 жыл ғалымдардың сұсты бір хабарынан басталды. Осы жылдың қаңтар айында олар дүниенің ешқашан болмаған үлкен апатқа таяп қалғанын айтып дабыл қақты. Ғалымдар адамзаттың сол апатқа қаншалықты жақын қалғанын көрсететін бейнелі “Ақырзаман сағатының” тілін 30 секундқа алға жылжытты. Содан биыл “Ақырзаман сағаты” түнгі 12-ге, яғни апатқа, небәрі 2,5 минут қалғанын көрсетіп тұр. Адамзат соңғы 60 жылда ғаламдық апатқа мұншалықты жақын болған емес!

Мамандар 2018 жылы да жер бетінің қиямет-қайымға қаншалықты жақын қалғанын есептеп шығаруды жоспарлап отыр. “Ақырзаман сағаты” әлі де аяусыз төніп келе жатқан жойқын апатты айтып дабыл қағар ма екен? Ал сіздің ойыңыз қандай? Мына заман қайда барады? Бұл сұраққа бірден жауап табу оңай емес. Тіпті мамандардың өздері бұл жайында әртүрлі пікірде. Оның үстіне, ғаламдық апаттың болатынына бәрі бірдей сене бермейді.

Дүниежүзі бойынша миллиондаған адам келешектің жарқын болатынына нық сенеді. Олар адамзаттың да, жер шарының да аман қалып, өмірдің жақсаратынына дәлел бар дейді. Бұл дәлел қаншалықты салмақты? Мына дүниенің құрдымға кететіні рас па, әлде үміт бар ма?

“Ақырзаман сағаты дегеніміз — өзіміз жасап шығарып жатқан жойқын технологиялардың кесірінен қоғамымыздың жойылуға қаншалықты жақындағанын көрсететін ұлттар арасында мойындалған жоба. Сондай технологиялардың ең қауіптісі ядролық қарулар болып табылады. Бұдан бөлек, климатқа әсер ететін технологиялар, дамып жатқан биотехнологиялар мен ақпарат технологиялары да бар. Бұлар біреулердің әдейі не байқамай істегенінен, немесе дұрыс есептемегенінен туатын жойқын апатқа әкеліп, өміріміз бен жер шарымызға оңалмас нұқсан келтіруі мүмкін” (“Атомшы ғалымдар бюллетені”).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу