Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g17 № 2 12—13 бет.
  • Құшағы кең Испания

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құшағы кең Испания
  • Ояныңдар! 2017
Ояныңдар! 2017
g17 № 2 12—13 бет.
Толедо — Испаниядағы туристер көп келетін қала

Толедо — Испанияның тарихы мен мәдениеті ұштасқан, саяхатшыларды баурап алатын қала. Ол 1986 жылы Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді.

ТӨРТКІЛ ДҮНИЕГЕ САЯХАТ

Құшағы кең Испания

Картада Испания көрсетілген

ИСПАНИЯ — көркі жағынан да, халқы жағынан да сан қилы ел. Бұл елдің басым бөлігі бидай мен жүзім алқаптарын жамылған. Зәйтүн ағаштары да көптеп кездеседі. Испанияны оңтүстікте жатқан Африка құрлығынан небәрі 14 шақырым су ғана бөліп жатыр.

Оңтүстік-батыс Еуропаның осы бір бұрышын алып жатқан Испанияға кезінде финикиялықтар, гректер мен карфагендіктер, сондай-ақ басқа да ұлттар қоныстана бастаған. Б. з.б. III ғасырда бұл жерді римдіктер басып алып, оған Хиспания деген атау берді. Кейіннен бұл жерге вестгот пен мавр тайпалары өктемдік етіп, өз әдет-ғұрыптарын енгізді.

2015 жылы 68 миллионнан астам мейман Испанияны тамашалап қайтты. Олардың көбісі күн нұрына шомылу, алтын құм жамылған жағалауларын көру, елдің сәулет, өнер және тарихи қазыналарымен танысу үшін келді. Қонақтардың көбісін баурап алатын нәрсе — испан дастарқаны. Дастарқанға негізінен теңіз тағамдары, шошқаның сүрленген еті, көже, салаттар және зәйтүн майы қосылған не сол майға пісірілген көкөністер қойылады. Испанияның омлет, паэлья, тапас деген тағамдары да әлемге әйгілі.

Марискада — теңіз өнімдерінен жасалатын испан тағам түрі

Марискада — теңіз өнімдерінен жасалатын тағам түрі

Фламенко бишілері

Фламенко биі

Испандықтар — ашық-жарқын, кең құшақ халық. Халықтың көбі өздерін католик есептегенмен, діни мессаға баратындар көп емес. Соңғы жылдары Африка, Азия мен Латын Америка елдерінен қоныс аударып келушілер көбейді. Олар өздерінің діни ілімдері мен әдет-ғұрыптары жайлы сөйлескенді ұнатады. Ехоба куәгерлері олармен жақсы әңгіме құрып, Киелі кітаптағы көптеген шындықтарды білуге көмектесіп жүр.

2015 жылдың ішінде 10 500-ден аса ерікті Ехоба куәгері Патшалық сарайы деп аталатын 70 ғибадат орнын соғып, кейбірін жөндеу жұмыстарынан өткізген. Осындай жобалардың кейбірін іске асыру үшін қала әкімшіліктері жер бөліп берді. Иммигранттарға діни ағарту ісінде көмектесу үшін Ехоба куәгерлері испан тілінен бөлек 30-дан аса тілде кездесулерін өткізді. 2016 жылы 186 000-нан астам адам Иса Мәсіхтің өлімін Еске алу кешіне қатысты.

ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Әлем бойынша Испания — зәйтүн майын ең көп шығаратын ел.

Испания тауларының ең биік нүктесі — Канар аралдарындағы Тейде шыңы. Оның биіктігі — 3718 м. Егер биіктігін теңіз астындағы негізінен бастап өлшер болса, ол биіктігі бойынша әлемдегі үшінші жанартау болып саналады.

  • НЕГІЗГІ ТІЛДЕРІ: ИСПАН, БАСК, КАТАЛАН, ГАЛИСИЯ, ВАЛЕНСИЯ

  • ХАЛҚЫ: 46 439 000

  • АСТАНАСЫ: МАДРИД

  • КЛИМАТЫ: ЖАЗЫ ЫСТЫҚ, АЛ ҚЫСЫ СУЫҚТАУ БОЛУЫ МҮМКІН

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу