Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g16 № 6 7-б.
  • Мидияның жабысқақ жіпшелері

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мидияның жабысқақ жіпшелері
  • Ояныңдар! 2016
  • Ұқсас мәлімет
  • Мазмұны
    Ояныңдар! 2016
  • Көк түсіне көз тоймас поллия жидегі
    Ояныңдар! 2017
  • Мұхиттар
    Ояныңдар! 2023
Ояныңдар! 2016
g16 № 6 7-б.
Теңіз мидиясы

ЖАРАТЫЛЫС ҒАЖАЙЫПТАРЫ

Мидияның жабысқақ жіпшелері

МИДИЯ су астындағы жартастарға, бөренелер мен кемелердің түбіне жабысады. Теңізде мекендейтін басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы, мидия затқа өз денесімен емес, биссус жіпшелері деп аталатын жіңішке талшықтардың көмегімен жабысып, қалбалақтап тұрады. Мидияның осы бір ерекшелігі оған еркін қозғалуға әрі қоректенуге мүмкіндік береді. Бір қарағанда, бұл жіпшелер теңіз толқындарының әсерімен оп-оңай үзіліп кететіндей көрінеді. Бұл нәзік жіпшелер мидияның затқа берік жабысып, ағынмен бірге ағып кетпеуіне қалай көмектеседі?

Көңіл қоярлық жайттар. Биссус жіпшелерінің бір ұшы қатқылдау, ал екінші ұшы жұмсақ әрі созылғыш келеді. Ғалымдардың айтуынша, мидия жіпшелерінің затқа берік жабысуының сыры — олардың 80 пайызы қатты, ал 20 пайызы жұмсақ материалдан тұратынында. Осының арқасында жіпшелер әрлі-берлі лақтыратын теңіз толқындарының зор күшіне қарсы тұра алады.

Гай Дженин есімді профессор өз зерттеулерінің таңғалдырарлық нәтижесімен бөлісіп былай деді: “Бұл ағзаның құпиясы жіпшелердің жұмсақ бөлігі мен қатты бөлігінің ғажайып түрде тоғысуында”. Ғалымдар биссус жіпшелерінің ерекшеліктерін әртүрлі салада қолдануға болатынын айтады. Бұған ғимараттар мен теңіз асты кемелеріне құрылғыларды бекіту, сіңірді сүйекке жалғау немесе ота кезінде кесілген жерді біріктіруді жатқызуға болады. “Бекіту, жабыстыру тәсілдеріне келгенде, табиғаттан үйренеріміз әлі көп”,— дейді Калифорния университетінің профессоры Херберт Уэйт (Санта-Барбара, АҚШ).

Сіз қалай ойлайсыз? Мидияның жабысқақ жіпшелері эволюцияның барысында өздігінен пайда болды ма, әлде бұл Жаратушының туындысы ма?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу