Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g16 № 5 16-б.
  • “Бұл біз үшін жаңалық болды!”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Бұл біз үшін жаңалық болды!”
  • Ояныңдар! 2016
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітап зерттеу сабақтарын бастауға арналған жаңа бейнеролик
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Тәлім бергенде бейне материалдарды қолданайық
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2016)
  • Алалауды алып жыққандар
    Ояныңдар! 2020
  • “Ехоба куәгерлері ізгі хабарды жариялау үшін ұйымдасқан”
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2016
g16 № 5 16-б.
Оңтүстік Кореядағы бір тәрбиеші jw.org сайтындағы бейнероликті сыныбына көрсетіп жатыр

“Бұл біз үшін жаңалық болды!”

СЮ-ДЖУНГ есімді Оңтүстік Кореядағы жоғарғы сынып тәрбиешісі оқушыларына jw.org веб-сайтындағы бейнематериалдарды көрсетіп жүр екен. Ол былай дейді: “Нағыз дос қандай болады?” деген фломастерлік анимация оқушыларға қатты ұнады! Бейнероликті көріп болғаннан кейін, балалар жылы лебіздерін білдіріп: — Нағыз достық осындай болу керек деп ойламаппыз. Бұл біз үшін жаңалық болды!— деп жатты. Ал кейбіреулері кеңес керек болған кезде осы сайтқа кіретіндерін айтты”. Сосын Сю-джунг былай деп қосты: “Мен басқа да көптеген әріптестеріме осы бейнероликтің қаншалықты тиімді екенін айттым. Олар осындай керемет көрнекі құралды өз сабақтарында қолдана алатындарына қуанды”.

Оңтүстік Кореядағы көптеген мектеп оқушыларына көмегі тиген басқа бір бейнеролик “Бұзақыларды жұдырықсыз жеңе біл” деп аталады. Жасөспірімдерді бұзақылықтан сақтау мекемесінде жұмыс істейтін бір тәрбиеші осы бейнероликті бір сыныпқа көрсетіпті. “Бейнероликтегі анимациялық бейнелер көзге тартымды етіп жасалғандықтан, жастардың назарын бірден жаулап алады,— дейді ол.— Бір жақсысы, ол жерде бұзақыларға қалай жауап беру керектігі ғана емес, қиын жағдайдың қалай алдын алуға болатыны да түсіндіріледі”. Аталмыш мекеме бейнероликті көптеген бастауыш және орта сыныптарына арналған тәрбие сабақтары кезінде көрсету үшін Ехоба куәгерлерінен рұқсат алды. Тіпті полиция қызметкерлері де jw.org сайтындағы бейнематериалдарды қолданып жүр екен.

Егер сіз осы сайтқа әлі кірмеген болсаңыз, неге солай етіп көрмеске? Сайтты қолдану өте жеңіл әрі ол жердегі аудио мен бейнематериалдарды және Киелі кітап пен басқа да әдебиеттерді тегін жүктеп алуға болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу