Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g16 № 5 10—11 бет.
  • Тамаша элемент

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Тамаша элемент
  • Ояныңдар! 2016
Ояныңдар! 2016
g16 № 5 10—11 бет.

Тамаша элемент

Көміртек атомдары

Бір беделді еңбекте: “Тіршілік үшін көміртектен маңызды элемент жоқ”,— деп айтылған (“Nature’s Building Blocks”). Өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында көміртек өз-өзімен және басқа да көптеген химиялық элементтермен әрекеттесіп, миллиондаған қосылыс түзеді. Олардың көбісі әлі күнге дейін табылып я жасанды жолмен алынып жатыр.

Төмендегі мысалдардан көрінетіндей, көміртек атомдары бірігіп, шынжыр, пирамида, сақина, жазықтық және цилиндр іспетті әртүрлі пішін құрайды. Расында да, көміртек — тамаша элемент!

АЛМАС

Алмас

Көміртек атомдары тетраэдр деп аталатын құрылымы өте берік пирамида түзіп, алмасты бүгінде белгілі ең қатты табиғи зат етеді. Сапалы алмас негізінен көміртек атомдарының дара молекуласынан тұрады.

ГРАФИТ

Жай қарындаш

Өзара тығыз байланысқан көміртек атомдары әлсіз байланысқан тор қабаттарда орналасады. Бұл тор қабаттар бір бума қағаз беттері сияқты бір-бірінен оңай ажырайды. Осы қасиеттерінің арқасында графит жақсы майлайтын зат болып табылады әрі жай қарындашты жасауда негізгі химиялық қосынды ретінде қолданылады.a

ГРАФЕН

Сызылған қарындаш ізі

Ол көміртек атомдарының бір қабатынан тұрады. Бұл қабат бал ұяшықтары тәрізді түзіледі. Графен болаттан бірнеше есе күшті болады. Сызылған қарындаштың ізінде графеннің бір не бірнеше қабаттан тұратын кішігірім бөлшектері табылуы мүмкін.

ФУЛЛЕРЕНДЕР

Фуллерендер

Көміртектің бұл молекулалары өте кішкентай шарлар мен нанотүтікше деп аталатын цилиндрлерден құралады. Олар нанометрмен, яғни бір метрдің миллиардтан бір бөлігімен, өлшенеді.

ТІРІ АҒЗАЛАР

Құрамында көміртек бар тірі жасушалар

Өсімдік, жануар мен адам денесін құрайтын көптеген жасушалар көміртектің негізінде түзіледі. Бұл элемент көмірсуларда, майларда және аминқышқылдарында бар.

“Оның (Құдайдың) көзге көрінбейтін қасиеттерін... оның жаратылыстарынан көріп, түсінуге болады” (Римдіктерге 1:20).

a 2007 жылдың шілдесінде жарық көрген “Ояныңдар!” журналындағы (орысша) “Кімде қарындаш бар?” деген мақаланы қараңыз.

Жұлдыз

Көміртектің жұлдыз ішінде түзілуі

Үш гелий ядросының бірігуі нәтижесінде көміртек түзіледі. Ғалымдардың пікірінше, мұндай процесс қызыл алыптар деп аталатын жұлдыздардың ішінде орын алады. Бір қызығы, гелий белгілі бір қолайлы жағдайларда ғана біріге алады. Бұл орайда Пол Дейвис есімді физик былай деп жазған: “(Табиғат заңдарының) кей тұстарын, тіпті оның титтей бөлігін ғана өзгертсе, ғалам да, тіршілік те, адамдар да болмас еді”. Табиғаттағы осындай тамаша дәлдік қайдан пайда болды? Кейбіреулер бұл өздігінен болды дейді. Ал басқалары бұл дана Жаратушының бар екенін дәлелдейді деп есептейді. Ал сіз үшін қай пікір қисынды?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу