Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g16 № 4 12—13 бет.
  • Қырғызстан

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қырғызстан
  • Ояныңдар! 2016
Ояныңдар! 2016
g16 № 4 12—13 бет.
Қырғызстанда орналасқан Таш-Рабаттағы киіз үйлер

Таш-Рабаттағы киіз үйлер

ТӨРТКІЛ ДҮНИЕГЕ САЯХАТ

Қырғызстан

Қырғызстан картасы

ҚЫРҒЫЗСТАН мұз қалпақты асқар таулардың дәл ортасында орналасқан. Таулар қырғыз елінің 90 пайыздай жерін алып жатыр. Қырғыз халқы Тянь-Шань тауының ең биік шыңы (теңіз деңгейінен 7439 м биік) осында екенін мақтанышпен айтады. Қырғыз елі Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытай елдерімен шекаралас жатыр. Елдің шамамен 4 пайызын ормандар құрайды. Жабайы грек жаңғағы өсетін әлемдегі ең үлкен ормандардың бірі Қырғызстанда екенін айта кету керек.

Ехоба куәгері бір қырғыз әйелмен Киелі кітап зерттеп отыр

Ехоба куәгерлері Қырғызстандағы мыңдаған халыққа Киелі кітаптағы хабарды айтады

Қонақжайлылық пен сыйластық — қырғыз халқының мәдениетіне тән. Жасы үлкен кісілерге кішілері “сіз” деп сөйлеп, қоғамдық көлікте орын береді, ал дастарқан басында төрге жайғастырады.

Әр қырғыз отбасында әдетте үш не одан да көп баладан болады. Үйдің кенже ұлы үйленгеннен кейін де ата-анасымен бірге тұрып, оларға қартайған шақтарында қамқорлық көрсетеді.

Қырғыздар қыз баланы кішкентайынан үй шаруасына баулып, отбасылық өмірге дайындайды. Жасөспірім шағында қыздар барлық үй тірлігіне біраз ысылып қалады. Қыздарын қияға қондырарда ата-анасы оның жасауын дайындайды. Бұған көрпе-төсек, киім-кешек және қолдан тоқылған кілем кіреді. Ал күйеужігіт қалыңмал береді.

Той-томалақта не кісі қайтыс болғанда, қой не жылқы сойылады. Малдың еті жіліктеліп, ет салынған табақтар кісілердің жасы мен дәрежесіне қарай тартылады. Бұл дәстүр де сый-құрмет көрсетудің бір нышаны болып табылады. Осыдан кейін дастарқанға бешбармақ деген ұлттық тағам қойылады. Оны негізінен қолмен жейді.

Қомызда ойнап отырған жігіт

Қырғыздың ұлттық аспабы — қомыз

ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?

“Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабын www.jw.org сайтынан қырғыз тілінде оқуға болады.

  • Халқы: 5 776 000

  • Астанасы: Бішкек

  • Тілдері: қырғыз, орыс

  • Экспорт: мақта, жүн, алтын, сынап, уран

  • Діні: ислам (80%)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу