Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g16 № 1 12—13 бет.
  • Лихтенштейн

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Лихтенштейн
  • Ояныңдар! 2016
Ояныңдар! 2016
g16 № 1 12—13 бет.
Лихтенштейндегі үсті жабық көпір

ТӨРТКІЛ ДҮНИЕГЕ САЯХАТ

Лихтенштейн

Картада Лихтенштейннің Швейцария мен Австрияның аралығында орналасқаны көрсетілген

Лихтенштейн — Швейцария мен Австрияның ортасында, Альпі тауларының бөктерінде орналасқан ел. Бұл — жержүзіндегі ең шағын мемлекеттердің бірі. Мұнда ғасырлар бойы кельт, реция, роман, алеман тайпалары өмір кешкен. Бүгінде Лихтенштейн халқының 2/3 бөлігін 1500 жылдай бұрын осында қоныс тепкен алеман тайпасының ұрпақтары құрап отыр.

Бұл елдің мемлекеттік тілі — неміс тілі. Сондай-ақ әр ауыл тұрғындарының өз диалектісі бар. Ұлттық тағамдары — дәнді-дақылдардан жасалатын tüarka-rebel (туарка-ребел) және макарон мен ерітілген ірімшіктен тұратын käsknöpfle (каскнопфле).

Лихтенштейннің екі ұлттық тағамы

Käsknöpfle

Лихтенштейннің түрлі түсті ұлттық киімін киген әйел мен кішкентай қыз

Көздің жауын алатын ұлттық киімі

Лихтенштейнге келген қонақтар шыңынан қар кетпес тауларды, жасыл кілемге оранған жазықтарды, жайқалған жүзімдіктерді тамашалап, сан түрлі көкөністен дәм татады. Альпінің бір жапырақ жерін алып жатқан осы елде жабайы орхидеяның 50 түрі кездеседі. Сондай-ақ Лихтенштейнде мұражайлар, театрлар және шарап зауыттары бар. Сондықтан қысы-жазы бұл елге туристер ағылып келіп жатады.

Ехоба куәгерлері бұл елде 1920 жылдардан бері бар. Бүгінде мұнда 90-ға жуық Куәгер жергілікті тұрғындар мен қонақтарға Киелі жазбалардан тәлім беріп жүр.

Ехоба куәгерлері Лихтенштейннің мемлекеттік тілі неміс тілінде “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабын басып шығарған. Оны www.jw.org сайтынан оқи аласыз

ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

  • Халқы: 37 000

  • Астанасы: Вадуц

  • Мемлекеттік тілі: неміс тілі

  • Діні: католик

БІЛІМІҢІЗДІ ТЕКСЕРІП КӨРІҢІЗ

Мыналардың қайсысы Лихтенштейн туралы?

  1. Жержүзіндегі теңізге шыға алмайтын елдермен қоршалған екі мемлекеттің бірі.

  2. Сүтқоректілердің 50-ден аса түрі тіршілік етеді.

  3. Өсімдіктің 1600 түрі бар.

  4. Әскери жасағы жоқ ел.

Жауабы: Төртеуі де дұрыс.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу